«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі)» (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 Қаулысына 11-37-қосымшалар) (үзінді) (күші жойылды)

Предыдущая страница

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық кәсіби деңгейін жоғарылату арқылы мәдениет саласының дамуына жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Нарық экономикасы талаптарының өсуіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге сәйкес қызметкерлердің теориялық білімін, кәсіби шеберлігін жетілдіру.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің ел ішінде - 690 адам санында теориялық және практикалық білімдерді жаңартуы, кәсіптік дағдыларды қалыптастыруы және бекітуі:

- тарихи-мәдени мұра 172 адам;

- мәдени-бос уақыт жұмыстары 172 адам;

- театр-концерт қызметі 172 адам;

- кітапханалық жұмыстар 174 адам;

Мамандарды шет елдерде тәжірибеден өткізу - 35 адам.

Соңғы нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің білімі мен кәсіби шеберлігін арттыру арқылы қоғамның рухани байлықтары мен мәдени мұраларын сақтап қалу.

Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру қажеттілігін 2,9% қамтамасыз ету.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының бір қызметкерін оқытуға кететін шығынның орташа құны:

- ел ішінде 25,5 мың теңге;

- шет елдерде 666,6 мың теңге.

Уақтылығы: жоспарланған шараларды есептік жоспар бойынша орындау.

Сапасы: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби білімін және шеберлігін арттыру және тереңдету.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

16-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Мәдениет, ақпарат және спорт саласындағы

қолданбалы ғылыми зерттеулер»

деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 237000 мың теңге (екі жүз отыз жеті миллион теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени құндылықтарды қорғау және пайдалану туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене тәрбиесі және спорт туралы» заңының 20-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарда № 1277 жарлығымен бекітілген 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы» атты қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республика тұрғындарының мәдени және рухани деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің тарихи, мәдени құндылықтарын толыққанды танып-білуде бос аралықтарды толтыру, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге жету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мәдениет пен өнерді дамытуда ғылыми-практикалық талдау жасауды қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымының жұмыс істеуінің тиімді және перспективалық үлгілерін әзірлеу; тарихи және мәдени ескерткіштерді мұражайландыру және танымалдандыру; көшпелі және отырықшы жер өңдеу мәдениетінің аспектілері мен өзара қарым-қатынасын, ежелгі дәуірден біздің заманымызға дейінгі Еуразия территориясында болған басқа да этномәдени үдерістерді зерттеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; археологиялық, сәулетшілік, қала құрылысы нысандарын зерттеуді қамтамасыз ету. Тағамдармен қамтамасыз ету бойынша, дәрілік-биологиялық және қалыптастыру препараттары бойынша ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтар дайындау. Жаңа әдістемелік жаттығуларды қолдану арқылы спортшылардың дене қабілеттерінің мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығуда және жарысуда салмақ түсіретін, демалудың, тамақтанудың, қалыптастыру құралдарының, жасанды жұмысқа қабілеттілігінің және спортшының функционалды қосымша күштерін ықшамдаудың қатаң түрдегі тепе-теңдік жүйесін жасау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже: өнімдерді дамыту үшін тәжірибелік нұсқаулықтарды дайындау және мәдениеттің ғылыми-әдістемелік базасын нығайту;

Еліміздің ұлттық мәдени жетістіктерін тарихи-мәдени құндылықтарын зерттеуге бағытталған 8 тақырып бойынша этносаралық қатынаста және саяси мәдениет саласында ғылыми зерттеулер өткізу; Этнография саласы бойынша жаңа ғылыми мәліметтерді табуға бағытталған Мұражайтану саласында 6 тақырып бойынша жұмысты жалғастыру;

Спорт саласында 2 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер өткізу;

29 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру;

Мемлекеттің 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Бұзоқ, Қойлық, Талғар, Ақыртас, Жайық, Жуан төбе, Қараспан төбе, Шымкент, Сауран, Сидақ, Отырар, Сарайшық қаласында; Ыстық, Берел, Шілікті, Бестамақ, Бөріжары, қорымдары; Мерке-Жайсан, Қызыл Ұйық әулиетамдары, Айбас дарасы, Кент, Талдысай, Тоқсанбай, Ботай елді мекендері; Тоқтауыл, Шідерті ІІІ, Қошқорған І-ІІІ, Шоқтас бекеттері; Некрополь Чирик Рабат.

4 нысан бойынша археологиялық зерттеулерді жалғастыру: Мемлекеттік «Ежелгі Отырардың жаңғыруы» бағдарламасы аясында Отырар, Алтынтөбе, Құйрықтөбе қалалары 1000 данада «Мардан-Күйік қалашығы», «Көк-Мардан қалашығы» буклеттерін шығару қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы бар тұрғындардың рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған бағдарламаны орындауда 600-ге тарта қолжазба, 70 сирек кездесетін қолжазба, 500-ге жуық кітаптар мен мұрағат құжаттарын сатып алу.

Соңғы нәтиже: Мәдениет және спорт саласын қамтамасыз етіп отыратын тұрақты-даму жүйесінің қызметі құрылады.

Қаржы-экономикалық нәтиже: Бір ғылыми жобаны сатудың орташа шығын құны 13941,2 мың теңге.

Уақтылығы: Ғылыми жобаларды уақытында дайындауды қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шараларды уақытында өткізу.

Сапасы: Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени құнды нысандарға келуші туристердің санын арттыру; жоғары білікті спортшыларды дайындау.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

17-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау»

деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 607592 мың теңге (алты жүз жеті миллион бес жүз тоқсан екі мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 маусымдағы № 604 «Мемлекеттік мекемелер, ведомствоға бағынышты орталық атқарушы органдардың штаттық санының лимитін бекіту туралы» қаулысы; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамытудағы бағдарламаны бекіту туралы» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мәдениетті дамытуға және тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауға жағдай жасау.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жүйелік комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, еліміздің ұлттық мәдени игілігін музей ісі саласында қолдану мен зерттеу процесін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- мұражайларды жүргізу жөніндегі 250 лекция өткізу;

- 4100 экскурсия өткізу;

- мұражайтану саласында 150 ғылыми мақала шығару;

- 30 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу;

- 5 халықаралық ғылыми-форумға қатысу;

- 15 халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу;

- мұражай тану мәселесі бойынша 400 ғылыми кеңес өткізу;

- 110 тақырыптық көрме өткізу;

- 3 ғылыми теориялық симпозиумға қатысу;

- 35 жылжымалы көрме өткізу;

- 27 басқа іс-шаралар өткізу (дөңгелек үстелдер және т.б.);

- 1000 экспонатты қалпына келтіру;

Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайына қорларды толықтыру үшін экспонаттар, экспонаттау үшін «Алтын адам» көшірмесін, баспа қызметі үшін шағын типография сатып алу;

Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығына проекторлар, графикалық жұмыстарға арналған компьютерлер, телевизорлар, серверге арналған техникалық құралдар және қорларын толықтыру үшін экспонаттар сатып алу.

Соңғы нәтиже: мұражайлық мәндегі және тарихи мәдени ескерткіштерді танымалдандыру және жүйелі комплектілеу негізінде мәдени-ағарту және ғылыми зерттеу қызметін жүргізу.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір экспонатты сақталуын қамтамасыз етудің орташа шығыны - 2026 теңге.

Уақтылығы: іс-шараларды бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес атқару

Сапасы: республика халқының мәдени-рухани деңгейін арттыру және Қазақстанның ерекше тарихи-мәдени мұраларымен әлемдік қауымдастықты таныстыру.

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 1235 қаулысына

18-ҚОСЫМША

 

200 - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігi

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi

 

2006 жылға арналған

«Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету»

деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

1. Құны: 849933 мың теңге (сегіз жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз отыз үш мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы; 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 34  және 36-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарда № 1277 Жарлығымен бекітілген «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1052 Алматы облысында «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 «2005-2009 жылдарға арналған «Ежелгі Отырарды жаңғырту» бағдарламасы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мұражай-қорықтардың құрамына кіретін мәдениет тарихи ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және жаңғырту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану, туризмді дамыту.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ескерткіштер мен еске алу орындарын мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету, жаңа ескерткіштерді анықтау, археологиялық экспедициялар мен экскурсияларды жүргізу, тарихи және мәдени ескерткіштерді салу және консервациялау.

6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

 

 

7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:

Тікелей нәтиже:

- Отырар мемлекеттік археологиялық мұражай-қорығы: сканер, сандық фотоаппарат, компьютер қондырғыларының комплекті сатып алу - 3 комплект.

- «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығы: фотоаппарат, бейнекамера, экспонаттарға арналған сөрелер сатып алу - 4 дана.

- «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай қорығы: қорды толықтыру үшін экспонаттар сатып алу - 300 дана.

- «Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды мұражай-қорығы: терможелімдегіш беттеу машинасын, экспонаттар - 12 бірлік, мұражай экспонаттарын көрсету үшін бейнепроектор сатып алу.

- «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы: бейнекамера, мұражай қызметіне байланысты ақпараттарды жіберу мен қабылдауға арналған факс, алыстан жұмыс істеуге арналған радиотелефон сатып алу - 2 дана.

- «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи мұражай-қорығы: сандық камера, сандық фотоаппарат, өрт сөндіру шиттерін, жанар-жағар майға арналған ыдыстар, бейнепроектор, көшіру аппаратын, радио телефон, компьютерлер сатып алу - 6 комплект, факс.

«Жидебай-Бөрілі» Абай мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай-қорығы нысандарына жөндеу жүргізу.

2 көне мешітке қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Алматы облысындағы Жаркент архитектуралық-көркем мұражай (ХІХ ғ.), Семей қаласындағы бірмұнаралы және екімұнаралы мешіттер (ХІХ ғ.). 5 тарихи кешенге қалпына келтіру және консервациялау жүргізу: Шығыс Қазақстан облысындағы "Жидебай-Бөрілі" кешені ХІХ ғ. (Жидебай ауылында), Жамбыл облысындағы Ақыртас сарай кешені (VI-VІІІ.); Бөкей Ордасындағы Хан сарайы кешені (Батыс Қазақстан облысындағы қазынашылық, әйелдер гимназиясы, қару-жарақ палатасы және т.б. ғимарат); Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрбат ауылындағы архитектуралық-мәдени кешен, ХІІІ-XVI ғ. (Ысқақ ата және Жәбрейіл ата мавзолейлері); Баба ата қорғанды-сарай кешені, (VІ-ХІХ ғ.);

"2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 мавзолейлерді жөндеу және жаңғыртуды жүргізу: Қызылорда облысындағы Асан ата мавзолейі; Қожа ахмет Яссауи мавзолейінің кейбір өңделген бөлімшелерін жөндеу және шатырын қалпына келтіру, XIV ғ.; Арыстанбаб мавзолейінің қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау.

Петропавловск қаласындағы "Абылай хан резиденциясы" кешенін қайта жасау.

Шығыс Қазақстан облысындағы Берел мазаратының археологиялық алтын бұйымдарын жөндеу және консервациялауды жүргізу.

Мәскеу қаласында Абай Құнанбаев ескерткішін әзірлеу және орнату, аумағын көріктендіру.

Минск қаласында Ұлы отан соғысы жылдарында Беларуссияны азат етуде қайтыс болған қазақстандық әскерлерге стелла орнату;

4 бағыт бойынша қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу жүйесін құру: мәдени және аралас мұра нысандарын қорғау аумақтары мен аймақтарының шекараларын анықтау; Дүниежүзілік мұраларының ықтимал нысандары деректер базасын жасау; тарихи және мәдени ескерткіштердің қолда бар тізімдерін нақтылау және қайта қарау; архитектуралық ескерткіштердің құрылыс материалдары жөніндегі мәліметтерді жинақтау және жүйелеу, тарихи-технологиялық зерттеу. Соңғы нәтиже: елдің мәдени мұрасын зерттеу, қорғау, пайдалану мен насихаттауға байланысты ұлттық мәдениетін сақталуы мен жаңғыруы, еңбектер серияларын ғылыми зерттеу және басып шығару жолымен ұлттық әдебиет және жазбаның көпғасырлық тәжірибесін жинақтау жөніндегі шараларды қарастыратын тарихи-мәдени дәстүрді жаңғырту және дамыту жалғастыру.

Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 нысанды жөндеудің орташа шығын құны 29,6 млн.теңге.

Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарын орындау, қалпына келтіру, консервациялау, негізгі активтерді сатып алу, ескерткіштерді уақытында жасау, үнемі сақтау, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін тіркеу және танымал ету.